20 сәу, 2022 сағат 12:14

Грек-рим күресінен Азия біріншілігінде тағы 3 қазақстандық финалға шықты


Ұлан-баторда күрес түрлерінен Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды. Бүгін Қазақстан сапынан бозкілемге шыққан бес балуанның үшеуі финалға шығып, екеуі қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Құрлықтық бәсекенің екінші жарыс күнінде балуандар 60, 67, 72, 82 және 97 келі салмақ дәрежелерінде белдесуде.

Мейіржан Шермахамбет (67 келі), Абылайхан Амзаев (72 келі) және Диас Қален (82 келі) жарыстың финалында белдессе, Ернұр Фидахметов (60 келі) пен Санжар Серікқан (97 келі) қола жүлдені сарапқа салмақ.

Финалдық кездесулер елорда уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Қазақстандық спортшылардың финалдық кезеңдегі қарсыластары келесідей болмақ: 

67 келі: Мейіржан Шермаханбетов - Хансу Рю (Оңтүстік Корея)

72 келі: Абылайхан Амзаев - Мохаммад Раза Моктари (Иран)

82 келі: Диас Кален - Расул Садех (Иран)

Жұбаныш финалы (Қола жүлде үшін белдесу)

60 келі: Ернұр Фидахметов - Балжинням Цэвэнравдан (Моңғолия)

97 келі: Санжар Серікқан - Такахиро Суруда (Жапония)