IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бүгін өткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетсек, жекпе-жек бүгін Голливудтағы арене Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті. Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
«Мен үшін бұл үлкен сюрприз болған жоқ, бұл - кәсібиліктің жоғары деңгейі. Камил Шеремета - өте жақсы боксшы. Мен өзімді жайлы сезінудемін, себебі көп жұмыс жасадым және оған менің уақытым болды. Менің қасымда көптеген жақсы адамдар бар. Мен өзі командаммен мақтанамын!», - деді Геннадий жекпе-жектен кейін.
Бокс кешінде IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының титулы сарапқа салынды.