«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Қазақстан» эфирінде кассалық мультфильмдердің басты фильмдері мен көркем фильмдерінің ең танымал кейіпкерлері қазақ тілінде сөйледі. Кәсіби мамандар тобы мультфильмдер мен көркем фильмдерді мемлекеттік тілге аударып, дубляж жасайды. Бұл туралы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы хабарлады.
«Қазақстан» РТРК-ның әлемдегі балалар мен ойын-сауық контентін ең ірі өндірушілерінен жалға алу және аудару құқығын сатып алуы алғаш рет орын алып отырған жоқ. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде келесі көркем және анимациялық фильмдер көрсетілуге дайын: «Чёрная пантера» - «Қара Қабылан», «Мстители: Война бесконечности» - «Кек алушылар: шексіздік соғысы», «Человек-муравей и Оса» - «Құмырсқа адам және Сона», «В поисках Дори» - « Дориди Издеуде», «Суперсемейка 2» - «Суперотбасы 2», «Книга джунглей» - «Джунгли кітабы», «Тачки 3» - «Көліктер-3», «Большой и добрый великан» - «Мейірімді дию», «Планета сокровищ» - «Қазыналы ғаламшар», «Лис и пес» - «Талки мен ит», «Большое путешествие» - «Ғажайып саяхат», «Спасатели в Австралии» - «Ержүрек құтқарушылар», «Красавица и чудовище» - «Сұлу мен Құюыжық», «Бэмби», «Золушка» - «Күлшегіз», «Спящая красавица» - «Ұйқыдағы ару», «Книга джунглей» -«Джунгли кітабы», «Леди и Бродяга» - «Бикеш пен Қаңғыбас».
Әлемдік деңгейдегі фильмдер мен мультфильмдерді қазақ тіліне аудару және көрсету – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тұрақты жұмыс бағыттарының бірі. «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі атап өткендей, басты мақсат – қазақстандықтарға әлемдік премьералар мен көп кірісті фильмдерді ана тілінде көруге мүмкіндік беру. Корпорация ең танымал «Marvel» және «Disney» өнімдерін сатып алады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы әлемдік блокбастерлерді қазақ тіліне аудару бойынша жұмысты жалғастырады. Диснеймен жаңа көркем және анимациялық фильмдерді жалға алу және аудару құқығын сатып алу бойынша келіссөздер жалғасуда. Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстан корпорациясы BBC-дің үздік деректі фильмдерін қазақ тіліне аудара бастады. BBC-дің бағдарламалық мазмұны қазақ тілінде «Qazaqstan» және «Abai TV» телеарналарының бағдарламалар кестесіне енгізілген.
2012 жылдан бастап «Qazaqstan» ұлттық арнасы Диснейдің алтын және платина коллекциясынан 50-ге жуық фильмдерді аударды. Бұл ТМД телеарналары арасындағы ең жоғары көрсеткіш.