IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялады.
"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!" - деп жазды әйгілі спортшы.
Бүгін Қазақстанның қасиетті әрі қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Осыдан 30 жыл бұрын 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдаған еді.