Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізетінін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жекпе-жек 29 желтоқсанда Жапонияда өтеді.
"Big Drama Жапонияда. 29 желтоқсанда кездескенше", - деп жазды GGG Instagram-да.
Жаттығу жиынын өткізіп жатқан GGG-дің Жапониядағы бұл кездесуі DAZN-мен жаңартылған мәміле аясында бірінші және 2021 жылы алғашқысы болады.
Бұған дейін кездесу Токиодағы Saitama Super Arena-да өтетіні белгілі болған. Ол жергілікті уақыт бойынша түстен кейін өтеді деп жоспарланған, өйткені оның трансляциясы кешке америкалық уақыт бойынша көрсетілуі керек.
1222 рет оқылды