30 қар, 2021 сағат 10:23

Головкин - Мурата жекпе-жегінің бюджеті жария етілді

Головкин - Мурата. Фото ©DAZN

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA Super титулына ие Риота Мурата (16-2, 13 КО) жекпе-жегінің бюджеті белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Chunichi Shimbun басылымының мәліметінше, бұл жекпе-жек Жапония тарихындағы ең үлкен айқас болмақ. 

"Бұл жекпе-жектің жалпы бюджеті - 15 миллиард иен (132 миллион доллар)", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, Головкин-Мурата жекпе-жегінің ресми анонсы 12 қарашада жарияланған болатын.

Головкин - Мурата жекпе-жегі 29 желтоқсанда Токиодағы Saitama Super Arena-да жоспарланған, бірақ оны өткізу уақыты шегерілуі мүмкін. Бір күн бұрын Жапония Үкіметі "омикрон" коронавирусының жаңа штамының таралуына байланысты шекаралардың жабылғанын және шетелдік азаматтардың елге кіруінің тоқтатылғанын жариялады. Билік бұл шектеулер қай уақытқа дейін созылатынын нақтыламады, бұл боксшылар мен ұйымдастырушыларды қиын жағдайға душар етері сөзсіз.

Ал журналист Кит Айдек BoxingScene.com Головкин әдеттегідей жаттығуды жалғастырып жатқанын, өйткені оның командасы бұл кештің өтуіне бар күштерін салатынын, тіпті болмаса Жапонияға уақытынан ерте келіп, ұзақ уақыт карантинде болуға мәжбүр болатынына сенімді.