04 сәу, 2022 сағат 13:22

Головкин - Мурата жекпе-жегін қайдан және қашан көруге болады?

коллаж: Tengrinews.kz

9 сәуірде Жапонияда IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA супер чемпионы  Риота Мурата арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық бокс жанкүйерлері бұл кешті тікелей эфирде тамашалай алады. Сайтама қаласында өтетін бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді. Жекпе-жектің трансляциясы 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де басталады.

Головкин мен Мұратаның жекпе-жегі шамамен сағат 20.00-де.

Айта кетейік, жекпе-жек Жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады.

Головкиннің бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстанды қоспағанда).