08 сәу, 2022 сағат 10:18

Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Фото:twitter.com/GGGBoxing

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі боксшы да орта дивизиондағы салмақ шегін орындады. Орташа салмақ шегі - 160 фунт немесе шамамен 72,5 келі.

Еске салайық, 7 сәуірде Токиода Головкин мен Мұратаның қатысуымен орта салмақтағы бірігу жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты өткен болатын. Қарсыластар алғаш рет бетпе-бет кездесіп, алдағы жекпе-жектегі үміттерімен бөлісті.

Жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада өтеді.