Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өміріндегі ең маңызды дүниені айтты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz Vesti.kz агенттігіне сілтеме жасаап.
Боксшы Twitter желісінде балаларымен түскен суретін жариялады.
"Өзімді бақытты сезінемін. Ең маңыздысы қымбат адамдар жанымда. Туған күнім құтты болсын", - деп жазды Головкин.
Головкин әйелі Алинамен бірге үш баланы тәрбиелеп отыр. 2 жастағы ұлы Вадим (2009 жылы сәуірде туған), қызы (2017 жылы қыркүйекте туған), сондай-ақ тағы бір ұлы (2019 жылы қаңтарда туған). Боксшы екі баласының есімін құпияда ұстайды.
Головкиннің отбасы Лос-Анджелес маңында (Калифорния штаты, АҚШ) тұрады.
Бұған дейін Головкин Instagram-парақшасында видео жариялап, сипатамасына "39 жас және ешқандай шекара жоқ" деп жазған болатын.