09 сәу, 2022 сағат 19:51

Головкин: "Біз чемпион болдық" - видео


Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жапониялық боксшы Риота Муратаны (16-3, 13 КО) жеңгеннен кейін қазақстандықтарға үн қатты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Баршаңызға сәлем. Біз чемпион болдық. Қолдауларыңызға рақмет! Алға, Қазақстан!", - деді ол. 

Еске салайық, кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтті. Спортшылар Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF және IBO, Риота Муратаның WBA Super белбеуін сарапқа салды.

Жекпе-жек тартысты өтіп, Геннадий Риотаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Осылайша, отандасымыз кәсіпқой карьерасында 42-жеңісіне қол жеткізді.