16 қаз, 2025 сағат 13:45

«Голос» жобасының экс-қатысушысын өлтіріп, ағзаларын сатып жіберген


Фото: vera_kravth/Instagram

Беларусьтегі «Голос» жобасының экс-қатысушысын Мьянмада өлтіріп, ағзаларын сатып жіберген. Бұл туралы «Минская правда» газетіне сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.

Беларусьтің Минск қаласынан шыққан 26 жастағы Вера К. Таиландқа модель болып жұмыс істеу мақсатында барған, алайда скам-орталықтағы еңбек құлдығына түсіп, ақырында Мьянмада өлтіріліп, ағзалары сатылған. 

Басылымның мәліметінше, Вера интернет арқылы «Таиландта модель ретінде қосымша жұмыс» туралы жарнамаға тап болған. Ұсыныс сенімді көрінген соң, ол Бангкокқа ұшып барады. Алайда белгісіз адамдар оны Мьянмаға апарып, скам-орталыққа жұмысқа орналастырған. Мұндай орталықтарда қыздар танысу сайттарында ер адамдармен сөйлесіп, оларды түрлі жобаларға инвестиция салуға үгіттейді. Кейіннен бұл қаражат алаяқтардың есепшотына түседі.

Вера қазан айының басында туыстарымен байланысын үзген. Бірнеше күннен кейін оның жақындарына белгісіз адамдар хабарласып, бойжеткенді тірі көргілері келсе 500 мың АҚШ долларын берулерін талап еткен.

Алайда кейін бойжеткенді өлтіріп, ағзаларын сатып жіберіп, денесін кремациялағанын айтқан.

Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр ма, әлде қылмыскерлер анықталды ма бұл туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.