Германияның қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен АҚШ-та президент сайлауында жеңске жеткен Дональд Трампты НАТО-ның Ресейге қатысты қатаңдық қаңидаттарынан таймауға шықарды. Бұл сөздер ол 10 қараша күні, ZDF арнасының эфирінде айтылды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
"Дональд Трамп кімді жақтайтынын ашық айту керек. Әділдік, бейбітшілік жолымен реттеу және демократия жағында немесе оған бәрібір болғандықтан, ерлер арасындағы достығын көрсетеді ме", - деді министр.
Сонымен қатар ол Трамптың НАТО-ны бизнес ретінде қарауна болмайтынын, оның "компания еместігін" айта кетті.
3 сәуірде сайлау алды науқаны кезінде Трамп НАТО-ның ыдырауына жол берген. Ол "одақтастардың өзінің еншісін төлемей жатқанын" мәлімдеп, 28 елден тұратын альянс ескірді және олар ақыларын төлемесе, ұйымнан шығуы керектігін айтқан. "Егер НАТО ыдыраса, солай-ақ болсын", - деп қорытындылаған болатын Трамп.
Сонымен қатар республикашыл партия өкілі Ресей және оның президенті Владимир Путинмен татулыққа қарсы еместігін бірнеше рет айтқан.
Осы айтылғандарға байланысты Еуропа мен Америкадағы саясаткерлердің бірқатары Трамты қатты сынған алған.