Әлемге танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстандық және өз елімнің патриоты ретінде Тұңғыш Президентімізге алғыс айтқым келеді. Ең алдымен, Тәуелсіз мемлекет үшін рахмет! Біздің өз туымыз, өз елтаңбамыз бен әнұранымыз бар. Біздің мақтанышпен және махаббатпен айтатын көпұлтты Қазақстанымыз бар. Рахмет сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге зор денсаулық, ал елімізге гүлдену мен амандық-саулық тілеймін», деп жазды боксшы Инстаграм желісінде.
Еске сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.