10 мам, 2017 сағат 11:27

Гданьскінің бұрынғы имамы Польшаның Қазақстандағы елшісі болуы мүмкін

Қазақстандағы Польшаның жаңа елшісі польшалық-литвалық татардан шыққан мұсылман Селим Хазбиевич болуы мүмкін, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі ғалым, қоғам қайраткері Хазбиевичтің кандидатурасын польшалық Сейм  қарауына ПР Сыртқы істер министрі Витольд  Ващиковский енгізді, деп атап өтті Gazeta.pl басылымы.

Осы құжатты саясаткер Роберт Тышкевич Туиттерде жариялады.

Жаңалықты Фейсбукте қазақстандық пайдаланушылар да талқылап жатыр.

«Расталған жағдайда, Селим Хазбиевич мырза Польша Республикасының Астанадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болады. Ол жазушы, публицист, ғылым докторы, профессор. Оның докторлық диссертациясының тақырыбы:  - «20-шы ғасырдағы польша мұсылмандарының идеологиясы», - деп жазды «Вензь» алматылық Польша мәдениет орталығының басшысы Олег Червинский wiadomosci.gazeta.pl-ге сілтеме жасап.

Интернет-порталдың хабарлауынша, 2003 жылға дейін Селим Гданьскіде мұсылман қоғамының имамы болды.

Еске салсақ, 2015 жылғы қазанда ҚР-дағы ПР Төтенше және Өкілетті Елшісі болып осы лауазымда бір жылдан артын жұмыс істеген Мачей Ланг тағайындалған.