06 ақп, 2019 сағат 15:36

Гауһар Әлімбекова халықтан кешірім сұрап, көзіне жас алды (видео)

Осыдан аз уақыт бұрын “Алаяқтық жасады” деп айыпталып, сот үкімімен алты жылға сотталған әнші, композитор Гауһар Әлімбекова сот шешімі күшіне енгенге дейін қолхат жазып, бостандыққа шыққан еді. Бүгін Youtube әлеуметтік желісінде әншінің көпшіліктен кешірім сұрай отырып, алғыс айтқан видеосы жарық көрді.

Айта кетсек, әнші сот үкімі күшіне енгенге дейін үйқамақта болады.

30 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты өнер жұлдызын алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Әншімен қоса сот алдында 2016 жылы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған Феруза Ордабаева да жауап берді. Анықталғандай, айыпталушылар танысына ірі тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алып беруді уәде етіп, ақшаны қайтармай қойған.

Феруза Ордабаева 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол бұған дейін де сотталғаны, жазасының бір бөлігін әлі өтемегені белгілі болды.