21 мау, 2017 сағат 11:28

Ғарифолла Есім: Астана әуежайына Елбасының атын беру орынды

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасы үшін төккен терін, ерен еңбегін ештеңемен салыстыруға келмейді. Бұл пікірді Астана халықаралық әуежайына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімінің берілуіне байланысты қоғам қайраткері, ғалым Ғарифолла Есім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық деңгейдегі саммиттер, форумдар, көрмелер секілді көптеген іс-шараларды өткізуде. Өз басым еліміздің бас шаһары, қырандай аспанға шарықтап тұрған Астананың төрінде орналасқан Елорда әуежайын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың атымен атауға келісемін. Мұндай атау тек бізде емес, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде де бар. Мысалы Түркияның Тұңғыш Президенті болған Мұстафа Кемал Ататүріктің аты берілген Стамбұл қаласындағы әлемдегі үлкен әуежайлардың бірін атауға болады. Бұдан басқа Америка Құрама Штаттарының 35-і Президенті Джон Фицджералд Кеннедиді атап көрсетуге болады. Сол себепті Астана қаласының әуежайын Елбасының атына өзгерту дұрыс деп санаймын», - дейді ғалым.