03 қаз, 2024 сағат 17:39

Gangsta Paradise әнін нақышына келтіріп орындаған апа жұртты таңғалдырды

Әлем Пи Диддиді талқылап жатқанда, әлеуметтік желілерде Gangsta Paradise әнін тойда кәсіби орындаған апаның видеосы кең таралып жатыр. 

Белгілі болғандай, әншінің есімі Мейрамгүл Ходжашева. Ол - 61 жаста, ағылшын тілінің маманы. Бұған дейін ағылшын тілінен сабақ берген, қазірде Алматыдағы компанияда HR-маман болып жұмыс істейді. 

Мейрамгүл Ходжашева әлемге әйгілі рэпер Coolio-ның Gangsta Paradise әнін ғана емес, сондай-ақ Эминем, 50 Cent рэперлерінің де туындыларын орындайды.