26 қар, 2018 сағат 10:24

Ғалым Тұрсынбаев Түркістан қаласының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев Түркістан қаласының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Жиынға Түркістан облысынан құрылған Арнайы мониторингтік топ мүшелері У.Жүсіпбаев пен А.Оспанов қатысты.

Кездесу барысында сөз алған Ғ.Сұлтанұлы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы бағытында  атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

«Ұлт жоспарының алғашқы бағыты кәсіби мемлекеттік аппарат құру шеңберінде жаңадан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі қабылданғанын және мемлекеттік қызмет саласында кәсібилікті қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сондай-ақ, пилоттық жоба ретінде бірқатар мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шкала жүйесі енгізіліп, ондағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2-ден 2,5 есеге дейін көтерілгенін және ерекше қосқан үлестері мен жеке бастамалары үшін тиісті кезеңнің қорытындысымен қомақты бонустар төленетіні туралы айтып өтті.

Кездесу барысында Ғ.Тұрсынбаев Мемлекет басшысының 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін қалып, үстеме жұмыс атқаруына жол бермеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінгенін атап өтіп, басшыларға қызметшілердің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін уақтылы қайтару үшін жұмыс жүктемесін дұрыс реттеп бөлуді ұсынды.

Бұған қоса, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар одан әрі күшейтілетінін ескертіп, мемлекеттік қызметші қызмет атқару барысында және қызметтен тыс уақытта да қарапайым болуы тиіс екенін жеткізді.

Жиын соңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктермен, мектептерге жұмысқа орналасу үшін пара алып ұсталған мектеп директорларына қатысты видео түсірілімдер де көрсетілді.