03 жел, 2021 сағат 18:58

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Аньер-Вильнев» клубымен тең түсті


Бүгін қазақстандық «Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық команда екінші ойынында Францияның «Аньер-Вильнев» клубымен шеберлік байқасты. 

Кездесуді франциялық команда белсенді бастады. Нәтижесінде олардың қатарынан Родриго Да Силва 13, Болинья 14-минуттарда мергендік танытты. Ал одан кейін алматылық клубтан Эдсон 15-минутта есеп айырмасын қысқартты. Осылайша бірінші кезеңде «Қайрат» 1:2 есебімен жол берді. 

Екінші кезеңнің алғашқы минуттарында қазақстандық клуб алға ұмтылды. Ойынның 21-минутында Диего Фаверо көздеген нысанадан мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Ол 29-минутта «Қайратты» алға шығарды. 

«Қайрат» енді 5 желтоқсанда «Тюмень» клубымен ойнайды.