18 қар, 2021 сағат 18:54

Футзал: Қазақстан құрамасы желтоқсанда Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді


Екі елдің футбол федерацияларының келісімімен жолдастық матч ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізеді

Қос кездесу де Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 14 және 15 желтоқсан күндері өтеді. Ойындар елорда уақытымен 19:00-де басталады. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерланд елінде өтетін Еуро-2022 чемпионатына қатысады. Біздің құраманың В тобындағы қарсыластары -  Словения, Италия және Финляндия.

2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші орын алса, Өзбекстан 1/8 финалға дейін жетті.