06 нау, 2025 сағат 12:24

Футболшылардың тамақтануына бөлінген қаражатты жымқырған: «Жетісу» футбол клубының директоры сотталды

Фото: Kapital.kz

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.

Донсебаев оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды", - делінген хабарламада.


Үкім заңды күшіне енді.