28 сәу, 2022 сағат 15:31

Францияда Путиннің бұрынғы күйеу баласының вилласы тұтқындалды


Францияның Биарриц қаласында Ресей басшысы Владимир Путиннің бұрынғы күйеу баласы (Екатерина Тихонованың күйеуі) Кирилл Шамаловтың вилласы тұтқындалды. "Медиазона" сайтының жазуынша, үйдің мекен-жайы санкция аясында тұтқындалған жылжымайтын мүліктер тізімінде пайда болған, деп хабарлайды Азаттық.

Вилла Биарриц қаласындағы генерал МакКроски даңғылында орналасқан. "Важные истории" басылымының жазуынша, Шамалов оны 2012 жылы миллиардер Геннадия Тимченкодан сатып алған. 

Наурыз айында виллаға программист Сергей Савельев бұзып кірген. Ол бұған дейін Саратов түрме ауруханасындағы азаптау видеоларын Gulagu.net жобасына беріп, Ресейден кеткен еді. Савельев Франциядағы белсенділермен бірігіп, ғимараттың ішінен видеолар жариялаған. Артынша ұсталған. 

Nice-Matin басылымының жазуынша, Франция билігі Көк теңіздегі тағы екі ресейлік кәсіпкердің виллаларын тұтқындаған. Сан-Тропе маңында орналасқан бірінші виллаға 2005 жылдан бері "Русал" басшысы Олег Дерипаска ие. Екіншісі Сен-Жан-Кап-Ферра коммунасы маңында орналасқан вилла "Русская платина" директорлар кеңесінің төрағасы Муса Бажаевқа тиесілі. 

Француз билігінің мәліметінше, Украинада соғыс басталғалы бері Ресей банкінің шетелдегі активтерінің 22,8 млрд еуросы бұғатталған. Бұған қоса, санкцияға ілінген ресейліктерге тиесілі шамамен отыз шақты жылжымайтын мүлік, төрт яхта, алты тікұшақ, үш өнер туындысы бұғатталған.