Коллаж: kursiv.media
Қазақстандық кәсіпкер Айдан Сүлейменова Ресей азаматтығынан бас тартты, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Кеше президент Владимир Путин Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдау және одан айыру туралы жарлыққа қол қойды. Ресейлік төлқұжаттан бас тартқандардың қатарында «AYALA» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Айдан Сүлейменова бар көрінеді.
"Ол – Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің қызы және елдегі ең бай әрі ықпалды бизнесмендердің бірі Данияр Әбілғазиннің әйелі",—делінген «Агентство» басылымының хабарламасында.
Айдана Сүлейменова 2023-жылғы Forbes-тің рантье рейтингінде сегізінші орында тұр. Оның болжамды кірісі 4,3 млрд теңгеге бағаланады.
Forbes Қазақстан мәліметінше Айдана Сүлейменова "ADD Invest Properties" ЖШС иесі, осы компания арқылы Құлыбаевтармен бірлесіп, елордадағы Keruen City СОО және Talan Gallery СОО иелік етеді. Сондай-ақ, компанияның портфеліне Ақтөбедегі Keruen City СОО-ның 50% кіреді.