Сурет: ашық дереккөз
Бүгін Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапқа тарту үшін елге экстрадициялады.
ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 -2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған, нәтижесінде қырыққа жуық адамның 167 млн теңгеден астам қаржысын қолды еткен.
Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын түрлі қылмыстар жасағаны үшін сотталған, ал қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырынып жүрген және ол сол елде ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
"Айып тағылған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі тартқан ақпаратта.