30 нау, 2022 сағат 17:58

FIFA 2022 жылғы әлем чемпионаты ресми добын көрсетті

Фото: ©FIFA

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионаты ресми добын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Доп Al Rihla деп аталған. Ол араб тілінен аударғанда "саяхат" дегенді білдіреді.

"32 команда. Олардың арманын жүзеге асыратын бір доп", - делінген FIFA мәлімдемесінде.

Әлем чемпионаты 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Қазіргі уақытта 2022 жылғы әлем чемпионатына мына құрамалар жолдама алған: Аргентина, Бельгия, Бразилия, Камерун, Канада, Хорватия, Дания, Эквадор, Англия, Франция, Германия, Гана, Иран, Жапония, Корея Республикасы, Марокко, Нидерланды, Катар, Польша, Португалия, Сауд Арабиясы, Сенегал, Сербия, Испания, Швейцария, Тунис, Сенегал.