14 қар, 2016 сағат 09:04

Ф.Гүлен: III Дүниежүзілік соғыс басталып кете ме деп алаңдаймын

 

Түрік ойшылы, ислам ғалым, философ  Ф. Гүлен  Сирия, Таяу Шығыс, Түркияның оңтүстік шығыс Анадолы аймағы, Күрт және ДАЕШ мәселелері жайлы РЕГНУМ тілшісінің сұрақтарына жауап берді.  

- Түркияның Сирия мен Таяу шығыс саясатына қалай қарайсыз? Түрия-Ресей қатынастары тұрғысынан аймақтың болашағын қалай болжайсыз?

- Таяу Шығыс пен Түркиядағы оқиғаларға қарасақ, III Дүниежүзілік соғыс тұтана ма деп алаңдаймын. Өйткені барлық нәрсені пайда мен мүдде тұрғысынан бағалайтын әрі сол пайдаларды өзара бөлісе алмайтын әлемде ортақ мәселеде келісу өте қиын.

Сирияда бастапқыда демократия лебі есіп, негізгі адам құқы мен еркіндігін іздеген бір қозғалыс басталды. Алайда, Сирия шындықтар мен халықаралық келісімдерге көз жұмып, сыртқы күштердің араласуымен, өкініштісі, тұйыққа тірелді.

Проблеманы өз орнында шешпегендіктен, ол ұлғайып, жараға айналды. Сөйтіп халқының саны жиырма миллион елдегі проблема қазір бүкіл әлемнің проблемасына айналды. Әйел, бала-шаға босқындардың, әлсіз, дәрменсіз адамдар тап болған жайттарды, жолдарда кездескен қиындықтар мен Европа босағасындағы жағдайды көріп отырсыздар.

Уақытында марқұм шейіт Сәйид Рамазан әл-Бутидың айтқанын растады. Марқұм Бути байыпты сунни ғалым ретінде Сириядағы демократияның кең уақытта жасалуын жөн көрген болатын. Билікті бірден өзгерту үшін жасалатын істер елді ішкі азаматтық соғысқа итермелейді деп қауіптенетін. Әлімше мен де қалымды сұрап келген түрік үкіметінің ықпалды адамдарына дәл соған ұқсас кеңестер айттым. Тіпті марқұм әл-Бутидың да осындай көзқараста екенін білдірдім. Тіпті ол жіберген хаттың бір көшірмесін де басшыларға беріп жібердім.

- «Сирия мәселесінде біздің кеңестерімізге құлақ аспады»

- Түркияны басқарғандар бір уақыттар Асадпен жақсы қарым-қатынаста болды. Осыны пайдаланып, Асадты қолдап, кең уақытқа сала отырып, қажет болса, Асадтың демократиялық жолдармен таңдалуына қолдау ретінде сатылай өтуге бару керек еді. Сирия Түркиямен өте тығыз сауда, саяси әрі әлеуметтік қатынастарымен орта және ұзақ мерзімде анағұрлым жайлы әрі демократиялық елге әйтеуір байыппен әрі бейбіт түрде айналар еді. Алайда, бір уағызшыдан сыртқы саясатты үйренеміз бе деп бұл кеңестерге мән бермеді.

- «Сирияда оппозициялық топтарға қару мен басқа да әртүрлі қолдау берілгенде, мәселе асқынып жараға айналды»

- Ол проблемаларды уақытында мәселені объективті түрде қолға алған адамдармен ақылдасқанда шешуге болар еді. Бірақ шалалыққа ұрынып, байыппен іс жасай алмағандықтан, оны еңсере алмай түрлі келеңсіздіктерге түрткі болды. Оппозициялық топтарға қару мен басқа да түрлі қолдау берілгенде мәселе асқынып, жараға айналды әрі негізгі кең уақытқа сала отырып іске асыруға болатын демократиялық дамудың жолы кесілді. Бұның кесірін өткінші лагерьлерде өмір сүруге мәжбүр болған, Европаның табалдырығында мүшкіл халдегі жазсықсыз Сирия халқы тартуда. Осы жағдайдан кейін қысқа мерзімде жасалуы қажет іс өте керемет болмаса да аққан қанды тоқтата алатындай әрі зиян шеккен миллиондаған жазықсыз адамның сәл де болса көңілін демейтін саяси формулалар табуға тырысу. Ол үшін адами әрі ар-ұжданға қозғау салатын істерді қолға алып, халықаралық қауымдастықтың тығыз дипломатиялық талпыныс көрсетуі керек. АҚШ-тың рөл ойнағанындай, Ресей де бір тепе-теңдікті ұстап тұрған күш ретінде рөл ойнайтын болады. Бұл елдердің осы мәселеде бір үстелдің айналасына отырып, диалогқа баруы өте маңызды. 3-дүниежүзілік соғысқа жол беретін болса, әлемнің жартысы демде-ақ жоқ болады. Алла сақтасын, Бертранд Руссель былай дейді: «1-дүниежүзілік соғыста мынау болды. 2-дүниежүзілік соғыста анау болды. Егер 3-дүниежүзілік соғыс тұтанса, өлгендер қабір құшады, ал өлтіргендердің өзі оңбай, жан сақтау бөліміне түседі». Осы себепті соңына дейін дипломатияға жүгінген жөн.

«Бейбітшілік үрдісі» деп аталатын, бірақ кейпі белгісіз үрдіс»

- Tүркия саясатының бағытынан тайғаны айтылады. Мыңдаған адам саясаткерлердің ықпалымен түрмеге тоғытылып, Күрт азаматтар әділетсіз түрде қысымға ұшырауда. Бұлар жайлы не айтасыз? Күрт аймағының мәселесін қалай шешу керек деп ойлайсыз?

- Сирия мен Иракта да мейлі күрт мейлі өзге де этникалық әрі діни топтар үшін мәдени құқын мойындау, инвестиция арқылы оларға қолдану мүмкіндіктерін беру әрі мемлекеттің өз азаматтарын сол күйінде қабылдауы, оларға өкілеттік ету құқын беруі, заңды тұрғыда талаптарын орындау ең дұрыс шешім жолы болар еді.

- Аймақтың тынышын бұзып отырған ДАЕШ  (Ирак-Сирия ислам мемлекеті) бар. Бұл туралы не айтасыз? ДАЕШ-тен құтылу үшін не істеу керек? Онымен қалай күрескен дұрыс?

- ДАЕШ пен соған ұқсас радикалдардың жасағандарымен күресу үшін мәселені түп-тамырымен әрі барлық қырларымен қолға алу керек. Мәселенің діни қыры да бар және діни емес саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық қырлары да бар. Мәселені тек дінмен шектеп, өзге қырларына көз жұмып қараса, бұл мәселеде алға жылжу қиын.

Бұларды шешу үшін мұсылмандарға тиесілі жауапкершіліктер болумен қатар мемлекеттерге және ұлттарлық ұйымдар атқарар міндеттер де бар. Бір жағынан ДАЕШ секілді, әл-Каида секілді террорлық ұйымдар бар. Енді бір жағынан отандастарға қысым жасайтын, еркіндігін шектейтін, әділетсіздік жасайтын, заңдарды жұмыс істетпейтін мемлекеттер де бар. Адамдарды үмітсіздікке итермелеп, террорист ұйымдардың тұзағына түсуін жеңілдететін мемлекет істерін де елемей қоюға болмайды.

ДАЕШ деп аталатын ұйым нағыз жауыздық ошағы, қарақшылар тобы, алайда бұларға қару-жарақ жеткізіледі, жастарды қатарына тартуларына тосқауыл жасалынбайды, олар интернетте жарнама жасай алады, науқастары емдетіліп, ешқандай жауапқа тартылмастан еркін жіберіледі, жетекшілерін кейде қамап, кейде бос қоя береді. Бір жағында Түркияда өмірі құмырсқаның өзін әдейі баспаған, Қызмет қауымдастығың азаматтары террорист делініп, үйлерінде тінту жүруде, алайда ДАЕШ деп аталатын осы бір жауыз ұйым жайлы сондай сөздер айтылмауда, оларға дәл сондай қатынас жасалмауда.

«ДАЕШ ең үлкен зиянды сунни мұсылман әлеміне жасауда»

 Мұсылмандар азшылықта болғандықтан батыстық мемлекеттер террормен күресіп жатқанда, мұсылман отандастарды ренжітетіндей сөздер мен істерден абай болу керек. Мұсылмандардың көпшілігінің қолдауы болмастан бұл терроризм бәлесінен құтылу мүмкін емес. Айтқандай, террор ұйымдарының құрбандарының көбі мұсылмандар. ДАЕШ өзінше Сирия мен Иракта сунни мұсылмандардың құқын қорғап жатқанын алға тартуд,  алайда құрбандарының көбі солтүстік Ирак күрттерін де қосқанда, сунни мұсылмандар. Мәселеге жалпылама қарасақ, ДАЕШ-тың ең үлкен зиянды сунни мұсылмандар әлеміне тигізгенін айтуға болады.

Мәселені түп-тамырынан қолға алмағандықтан біреуі біткенмен басқасы төбе көрсетеді. Біреуінің көзін құртсаңыз, екіншісі бұрқылдап шығады. Балама бүлік пен бұзақылық ошақтары бар. Кеше әл-Каида туралы айтып жатқан еді, оны енді құртты дегенде, бір демде ДАЕШ  пайда болды. Енді бір жақта Боко Харам бар, бәрі де бас кесер, бәрі де қан қақсатуда. Адам өлтіріп жұмаққа бару секілді сұмдық өтірікпен жастарды алдауда. Бұның сондай сұмдық өтірік екені соншалық – оған сенгендерді қатігезге айналдырып, әрі исламның пәк келбетіне қара дақ түсіріп, жұртты мұсылмандардан шошитын жағдайға жеткізуде.

«ДАЕШ жастарымызды қалай алдауда?»

  Біз мұсылмандар ретінде бұл мәселеге тек сыртқы күштердің, кейбір қауіпсіздік ұйымдарының ойыны деп қарап бір жаққа ысыра алмаймыз. Өйткені бұндай жауыз ұйымдар біздің жастарымызды түрлі уәделерді үйіп-төгу арқылы өздеріне тартуда. Қалай бұл жастарымызды алдай алады? Сонда біз жастарымызға тиісінше дұрыс білім бере алмадық па? Оларды жақсы тәрбиелей алмадық па?

Құран кәрімде бір ғана жазықсыз жанды өлтіруді бүкіл адамзатты өлтірумен теңестірген. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қорғану мақсатында заңды бір соғыстың өзінде соғысқа шықпаған адамдарға, әсіресе, әйелдер, балалар мен діни қызметкерлерге тиісуге болмайтындығын қатаң тыйған. Жаратушы ие Құран кәрімде «Біз Адам ұлдарын абал еттік» деуде. Әр адамды адам болғандығы үшін бағалауда. Бір-бірлеріңді тану үшін сендерді түрлі-түрлі етіп жараттық деуде. Көп түрлілікті байлық ретінде көрсетуде. Сонда бұларды жастарымызға түсіндіре алмадық па?!

ДАЕШ секілді террорлық ұйымдардың дін мәселесінде қаншалықты шынайы екенін білмейміз. Алайда, ең жоқ дегенде араларына аңғалдықпен алданып барып қалған жастар барын есепке ала отырып, мәселеге жақындайтын болсақ, олардың қателіктерін дін тұрғысынан да көрсетуіміз қажет болады. Мүмкін кейбір жастар маңайынан шынайы мұсылмандықтың үлгісін көре алмағандықтан, ізденіске барады. Осындай ұйымдардың уәделеріне сеніп алданады. Барып қосылады әрі еш аңдамастан негізінен мұсылмандыққа ең ауыр қиянат жасайды.

БАҚ-тан аңғарғаным, олар діни негіздердегі негізгі қателік діни қайнар көздерге алды мен артын толық бажайлап алмастан, тұтас қарамай әр жерінен үзіп-жұлуы. Құран аяттарының түсу себептерімен қатар қай уақытта, әрі әлеуметтік саяси жағдайлар кезінде түскенін елемей қоюға болмайды.

Хадис шәріптер үшін де осыны айтуға болады. Құран мен сүннеттің өзегін түсінуге тырысу керек. Ол кезеңдерде исламның сатылап кейбір нәрсені алып тастауды көздеуі, толеранттылықпен қарағаны, алайда сол күйі жойып жібермеген құл иеленушілік секілді мәселені бүгін қайта қозғау діннің рухын түсінбеу деген сөз.

Абдуррахман Аззамның «Әбади рисалет» кітабында айтқандай, Пайғамбарымыз (с.а.у.) және алғашқы мұсылмандардың соғыстары жеке-жеке қарастырылса, барлығының қорғаныс соғыстары болғаны байқалады. Осыны түсінбеген жағдайда Құран мен сүннеттегі соғыстарға қатысты айтылғандарды оп-оңай теріс мақсатқа пайдаланып кету жағдайы туады.

«Барлық мәселені білім арқылы ұзақ мерзімде шешуге болады» 

Құранның, сиярдың, діннің рухын жастарға бере алудың жолы білімде жатыр. Барлық мәселені білім арқылы ұзақ мерзімде шешуге болады. Демократиялық құндылықтар, адамға құрмет, өмірге құрмет, барлық адамды қадірлеу секілді құндылықтарды оқу бағдарламасына енгізуге болады.

«АҚШ пен Ресей одақ құруы тиіс» 

Ұзақ мерзімде шешу үшін осыларды жасаумен қатар қысқа мерзімде террорлық топтарға қарсы одақ құрылса, Америка мен Ресей де осы одақпен бірге  мәселені шешуге болады. Жоқ дегенде, қатарына көп адамды тартудың алдын алып, бұл қатерлі ісіктің асқынбауына жол бермеуге болады.

Дайындаған: Ерік Талғатұлы