01 қаз, 2021 сағат 12:04

Фейк: «Қарағандыда қала орталығына кіру «Ашық» бағдарламасымен жүргізіледі»


Қарағандылықтар әлеуметтік желілерде қала аудандарының бірінен шыққан жолда қалыптасқан көлік кептелісінің кадрларын жариялап жатыр, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.

Бұл Қарағанды орталығына «Ashyq» бағдарламасында егу мәртебесін растау арқылы жіберудің салдары деген пікірлер айтылуда. 

Қала әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

– Майқұдыққа кіру кезінде шектеу қойылғаны және жол жүру тек «Ashyq» жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны туралы ақпарат фейк болып табылады. Қазіргі уақытта К.Маркс көшесіндегі автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысына қиындық туғызуда. 2021 жылдың қазан айының соңына дейін екі жолақ бойынша көлік құралдарының толық қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланған, – деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Демек, Қарағанды орталығына тек «Ashyq» жүйесімен ғана кіруге болады деген ақпарат фейк.