15 қыр, 2022 сағат 19:13

Еуропарламент депутаты Тоқаевтың Жолдауы туралы пікір білдірді


Еуропарламент депутаты Тьерри Мариани Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Мен 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлт жағдайы туралы сөйлеген сөзін үлкен қызығушылықпен оқыдым.

Оның асқақ көзқарасы мен өршіл сөздері еліңіздің болашағы үшін зор үміт күттіреді. Осыған орай, бұл мандаттың жаңа форматындағы батыл шарамен кезектен тыс президенттік сайлауды ұсынуы - Қазақстанның демократиялық өміршеңдігінің көрінісі екені анық.

Экономикалық еркіндіктерді тереңдету бағдарламасы - сіздің еліңіздің үйлесімді дамуы үшін зор мүмкіндік. Бұрынғы көлік министрі - мен осы саладағы қазақстандық тартымдылықты арттыруға бағытталған барлық қадамдарды тек қана қолдай аламын.

Бір сөзбен айтқанда, болашаққа арналған бұл жолдау - Еуропарламенттегі Қазақстанның барлық достары үшін үлкен қуаныш, мен сіздің еліңіз туралы айту мүмкіндігі болған сайын бұл туралы айтпай кетпеймін" - деді Мариани.