20 сәу, 2022 сағат 20:34

Еуропалық Кеңес басшысы Киевте


Еуропалық Кеңес басшысы Шарль Мишель Украина астанасында, ол ел президенті Владимир Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Киевтемін. Еркін және демократиялық Еуропаның дәл жүрегіндемін», - деп жазды Мишель Твиттер желісінде. 

Еуроодақтың жоғары шенді тұлғасы өзінің жазбасына қоса фотосурет жүктеген. Оны теміржол станциясының платформасында Украинаның Еуропалық істер және еуроатлантикалық интеграция жөніндегі вице-премьері Ольга Стефанишина қарсы алып тұр. 

Еуропалық Кеңестің басшысы Зеленскиймен кездеседі деп жоспарланған.

Бұған дейін Украинаға Еуропалық Парламенттің төрағасы Роберта Метсола, Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен және ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель келген болатын.