Еуропа елдері коронавирус пандемиясына байланысты елге кіру ережелерін және шекарадағы бақылауды күшейтпек, деп хабарлайды Еuronews.
Енді Франциядан Испанияға көлікпен кіру үшін коронавирус тестінің теріс нәтижесін ұсыну қажет. Айта кетейік, Испания тұрғындары үшін корольдікте аса маңызды емес сапарларға салынған уақытша тыйым 30 сәуірге дейін ұзартылды.
ГФР билігі Франциямен, Польшамен және Даниямен шекарадағы бақылауды күшейтуге ниетті. Бұған дейін бұл шекараларда қатаң тексеріс режимі болмаған еді. Бұл қауіпсіздік шарасы енді Аустрияның жекелеген аймақтарына, атап айтқанда Тирольға қолданылмайды.
Сондай-ақ ГФР Ішкі істер министрі Хорст Зеехофер «Чехияда жағдай әлі де тұрақсыз, коронавирус жұқтырғандардың саны өте көп, әсіресе Германиямен шекаралас аудандарда. Сондықтан біз Чехия мен Саксония, Чехия мен Бавария шекарасындағы бақылауды тағы 14 күнге ұзартамыз» деп хабарлады.
Италияға ЕО елдерінен келгендерде коронавирус тестісінің нәтижеі болуы керек, келгеннен кейін бес күндік карантинде болып, тестіні қайта тапсыруы тиіс.
ЕО мен Шенген аймағына кірмейтін елдерден келгендердің барлығына екі апталық карантин қарастырылған. Елдегі туризмге, сондай-ақ ел ішіндегі тұрғындардың жүріп-тұруына қозғалысқа ресми түрде тыйым салынған.