Интеграцияның бір мәні пікір ұстанымдар алуандығында. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумының жалпы отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссияның аясында өтіп жатқан кеңестердің қорытындысы бойынша кедергілердің 80 пайызы алынып тасталды. Бұл жұмыс жалғасады деп үміттенеміз. Жалпы интеграция деген үлкен еңбекті қажет ететін үдеріс. Бұл – мүше мемлекеттердің бүкіл қатысушылардың көңіліне жағатындай негізде ымырада болуы. Қол жеткізілген келісімдерге әрдайым көңіліміз тола бермейді. Интеграцияның бір мәні осында», - деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанның еуразиялық интеграция мәселесіндегі ұстанымына айрықша тоқталды.
«Ортақ іс үшін кейде өз мүддеңді түсіре тұруға болады. Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссия іскерлік жолмен, нақты нәтижені көздеп жұмыс істегенін қолдайды. Кез келген мәселеге өте іскерлік бағытпен келу керек. Өйткені халқымыз мәселенің ұзын арқаумен шешілгенін күтіп отырмайды. Олар мәселелердің дәл қазір және келешекте өздері көргісі келетіндей етіп шешілгенін қалайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.