Бүгін Astana Open Dialogue форумының алғашқы отырысында "Жаңа Қазақстанның журналистикасы: этика мен хайп арасында" тақырыбында пікірталас өтті, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Шарша алғашқы рет өткізіліп отырған көрінеді. Форумға белгілі саясаттанушылар мен саясаткерлер, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері келіп қатысты.
Спикерлердің бірі Қазақстанның Сыртқы Істер Министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ақпарат таратудағы "хайпқа" оң пікір білдіріп: "Хайпты да білу керек. Мемлекеттік деңгейде біз де онымен айналысамыз", -деп сөзін бастады.
"Шамамен соңғы 1,5 жылда халқымызда жалған ақпаратқа иммунитет қалыптасып қалды. Осыдан 3-4 жыл бұрын ондай болмаған. Ол кезде барлығы саясиланған еді. Барлығы бәрін жазалағысы келіп тұратын. Бірақ қазір өзгерген. Өз тәжірибемнен айтайын, журналистер келеді де, бірден мені ашуландыру үшін провакациялық сұрақтар қоя бастайды. Әрине залдағы аудитория әр түрлі болады. Олардың арасында ақпараттық - ойын-сауықтық та, сараптамалық та БАҚ өкілдері бар. Әр журналистке алғысы келетін ақпаратты беруге тырысамын", - дейді ол.
Сыртқы Істер Министрлігінің ресми өкілі бастысы этика мен хайптың алтын аралығын сақтау деп есептейді екен. Себебі әрбір БАҚ өкілі оқырман тарту үшін белгілі бір жағдайда хайпқа баруына тура келеді.
"Тақырыпқа оралатын болсам, "Жаңа Қазақстанның журналистикасы: этика мен хайп арасында". Негізі, журналистика бұрынғыдай қалды. Оны ескі немесе жаңа деп бөлудің қажеті жоқ. Бұл жерде негізгі сөз - "арасында". Хайп деген - байбалам, ол қаралым, кликбейт, ол - бизнес. Барлығымыз БАҚ өзінше бизнес екенін түсінуіміз керек. Бұрын адамдар жаңалық іздейтін болса, қазір жаңалық адамдардың өзін табады. Әрине оқырманның назарының соңында жүріп, қарапайым адам шатаса бастайды", -деді Айбек Смадияров.
Баршаға мәлім бірнеше ай бойы еліміздегі өзекті мәселе болған су тасқыны туралы ақпараттар ағыны Қазақстандағы медиа саласының бірқатар пробьлемаларын көрсетіп берді, -деген пікірде Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев. Ол тіпті осы мәселені Парламентте көтеріп, депутаттық сауал да жолдаған.
"Жеке өз басым Оралда, Батыс Қазақстан мен Атырау облысында болып, ол жақтағы адамдардың жалған ақпаратқа қалай сенетінін көрдім. Соған байланысты еліміздің Премьер-министріне депутаттық сауал жолдадым. Міне сол феик ақпараттардың бірқатары: "Жаңаөзенде су тасқынына байланысты жол жабылды", "Үкімет зардап шеккендерге елден ақша жинап жатыр", "Су Астананы да басайын деп тұр, оныменен күресетін ешкім жоқ", "Ертістің суы шайылып кеткен зираттардың кесірінен уланды". Өздеріңіз білесіздер, елдің 20 пайызы ғана сыни ойлау қабілетіне ие. Өкініштісі сол - көпшілік жалған ақпаратқа сенеді. Егер ол жақсы дикторлық дауыспен оқылға болса, студияда түсірілген болса, тіпті ол басқа елде түсірілген болса да кәміл сенеді. Әсіресе зардап шегіп, не істерлерін білмей отырған адамдар сенгіш келеді. Мен депутаттық сауалыма жауап алдым. Тиісті органдардың зерттеуі бойынша, жалған ақпарат тарату бойынша 41 жағдай тіркелген екен", -дейді депутат Пономарев.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, Astana Open Dialogue - бұл саяси көшбасшылардың, мемлекет қайраткерлерінің, кәсіпкерлердің және қоғамның белсенді топтары мен беделді өкілдерінің біздің заманымыздың негізгі елдік және өңірлік сын-тегеуріндерінің шешімдерін талқылау және әзірлеу үшін жаңа тәуелсіз кеңістік.
Өткізілген пікірталастардың қорытындысы бойынша шешім қабылдайтын тұлғалар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар үшін сараптамалық ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда екен.
Айта кетейік, "хайп" сөзі интернет кеңістігінде әлеуметтік желі арқылы ақпарат тарату белең ала бастағаннан бері қолданысқа кеңінен ене бастаған сөз. Оның мағынансын бұқара халық жаңа медиада белглі бір тақырып аясында немесе бір адамға қатысты шу көтеру, танымал ету деп түсінеді.