19 жел, 2024 сағат 16:17

Есірткі таратушылар мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алады. ІІМ бұл қалай жүзеге асатынын түсіндірді

Фото: elements.envato.com

Қазақстандық сенаторлар есірткі таратушыларға жазаны жеңілдетуді, ал есірткі өндірушілерге жаза шарттарын қатаңдатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Ult.kz.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұрын сотталған есірткі таратушылар жазаларын қалай жеңілдете алатынын түсіндірді. Оның айтуынша, Қазақстанда қазір колонияларда шамамен төрт мыңға жуық есірткіге қатысты қылмыс жасағандар жазасын өтеп жатыр. Оның ішінде 1220 адам — есірткі «таратушылары». Олар шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМБ) құқығына ие болады.

«Бұл өтініш беру арқылы (жазасын өтеп жатқан орыннан) немесе адвокат арқылы жүзеге асады. Әрбір жағдай сотта жеке қаралады. Осылайша, сотталушы жаза мерзімін жеңілдету құқығын алады», — деді Әділов.