Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
4 шілдеде Алматы облысының Есік қаласында адам өлтіру оқиғасы анықталды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
Telegram-арналар мәліметінше, ер адам болжам бойынша 1995 жылы туған тұрғынға бірнеше пышақ жарақатын салған. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
Алматы облысының Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілгенін хабарлады.
"Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр" - деп түсіндірді ведомство.