15 там, 2016 сағат 13:12

Ертең Елбасы Сочиде В.Путинмен кездеседі

16 тамызда Сочи қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясы Президенті В.Путинмен екіжақты кездесуі өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздер барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі жайттар талқыланады деп күтілуде.

Ұлт порталы