27 там, 2021 сағат 19:00

Министр мен әкім әскери бөлімдегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына барды


ҚР Қорғаныс Министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы жарылыс салдарынан қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілердің отбасыларына барып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы өңір басшысының ресми сайты хабарлады.

Олар марқұмдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқанын айрықша атап өтіп, отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.