Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады", - делінген хабарда.
Еске салсақ, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ елдің солтүстік-батысында апатты жағдайда қонғаны хабарланып, бірнеше сағат өтсе де табылмай жатқанын жазған едік.
20 мамырда апатта жағдайда қонған тікұшақтың бөлшектері табылғаны мәлім болды. Кейін Иран президентінің тікұшақ апатынан қаза тапқаны хабарланды.