"Тәуелсіздік Қазаққа тосыннан келген жоқ. Дәл осы пікір жаңсақ әрі өте қауіпті пікір дер едім. Және мен онымен келіспеймін. Себебі Тәуелсіздік ешқашан да қай елге, қай мемлекетке келсе де төтеннен келмейтіні анық. Ол үлкен жеңістің, үлкен жұмыстың нәтижесімен келеді" - деген саясаткер, ҚР Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
"Біз – ашық әрі әлемнің кез келген елімен тереземіз тең елміз. Маңайымыздағы мемлекеттерге, оның ішінде озық мемлекеттерге қарап бой түзеуіміз керек. Себебі алдымызға үлкен мақсаттар қоя білмесек, ешқашан жетістікке жетпейміз" - дейді Ерлан Тынымбайұлы.