03 мам, 2022 сағат 10:03

Ербол Назарбаев антикордағы қызметінен кетті


Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“26 қаңтарда Агенттік Төрағасының бұйрығымен Ербол Назарбаев Агенттіктің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды. 2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде терезесі қараңғыланған көлікті полицейлер тоқтатқаны туралы видео жарияланған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдары ол Болат Назарбаевтың ұлы Ербол Назарбаевқа тиесілі екенін жазды.