#
#
Cәрсенбі 12/08/2020

Ералы Тоғжанов Атыраудағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді

  • 10.07.2020
  • 0
  • 170

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Премьер-Министрдің орынбасары бастаған делегация құрамында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов, Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, Ресейдің Тұтынушылар құқығын қорғау және адам саулығы федералды қызметінің «Микроб» ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ирина Шарова, Ресейдің Тұтынушылар құқығын қорғау және адам саулығы федералды қызметінің Тула облысындағы басқарма басшысы орынбасары Залимхан Омариев бар.

«Атырау облысында бүгінде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 7150 адамға жетті. Жазылып шыққандар саны - 4693 адам, ал, 13 адам көз жұмған. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында облыстық аурухана жанынан жуырда 400 орындық карантиндік стационар ашылатын болады», -деді Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, қалалық емханалар жанынан стационарлар жасақталып, науқастарды емдеу шаралары атқарылуда. Саll-орталық ашылып, тәулік бойы білікті мамандар тұрғындарға кеңес беруде. Қазіргі уақытта облыста 694 инфекциялық, 895 провизорлық, 2328 карантиндік стационарлар жұмыс істеп жатыр.

Бүгінде стационарлар 115 ИВЛ аппаратымен, 29 рентген аппаратымен қамтылған. 

Сонымен бірге, 4 компьютерлік томография бар. Емханалар жанынан 61 мобильді топ жасақталған. Олар коронавирус инфекциясының симптомсыз және жеңіл түрімен ауырғандарға үй жағдайында амбулаторлық көмек көрсетуде.

Коронавируспен қатар, Атырауда пневмониямен сырқаттанғандардың саны 1307 адамды құрап отыр. Өңірде дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешілуде. Қала мен аудандардың дәріханаларына ең қажетті антибиотиктер, қызу түсіретін дәрілер жеткізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Атырауда пандемиямен күреске 1429 дәрігер маман жұмылдырылды. Бірақ, медицина мамандары жетіспеушілігі мәселесі өткір сезіледі. Атырауда 278 дәрігер жетіспейді. Аталған мәселені шешу үшін Ресеймен келіссөздер жасалып, өңірге жас мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, басқа өңірлерде интернатура мен орданитурада білімдерін жетілдіріп, тағлымдамадан өтіп жүрген 122 атыраулық жас маман індетпен күреске жұмылдырылатын болады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов азаматтардың карантиндік талаптарды мұқият сақтауы үшін атқарылып жатқан жұмыстарды күшейту қажеттігін тапсырды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар