07 қар, 2017 сағат 07:37

Ер түрік бесігінде - «Түркі бағы»

Биыл ТҮРКСОЙ ұйымының шешiмiмен Түркiстан түркi әлемiнiң мәдени астанасы атанды. Осыған байланысты атаулы жылдың белгiсi болсын деген ұйғарыммен қала орталығында «Түркi бағы» аллеясы салынып отыр, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Бұл жөнiнде қала басшысы жуырда Ә.Өсербаев: «Түркi әлемiнде өзiндiк орны бар шаһар үшiн биыл тарихи жыл екенiн ескерiп, осы аллеяны 2017 жылғы «Түркiстан — түркi әлемiнiң мәдени астанасы» жылының белгiсi болсын деген ұйғарыммен салып отырмыз. Бұл iстiң бастамашысы облыс әкiмi Жансейiт Қансейiтұлы екенiн айта кетуiмiз керек. «Жыл соңына дейiн мұнда түркi халықтары бiрлiгiнiң символы ретiнде арнайы ескерткiш бой көтередi» деп нысанның маңыздылығын атап өткен болатын.

Бұл ретте жергiлiктi тұрғындардың да шаһардың гүлденуi жайында ризашылықтары жетерлiк. Солардың бiрi - Ж. Әлмаханұлы «ТҮРКСОЙ ұйымының құрылуына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесi зор екенiн айтады. Ол: «Оның айқын дәлелi ұйым тарапынан қабылданған шешiм аясында ең алғаш болып мәдени астана мәртебесiн елордамыз Астана қаласы алған болатын. Сондықтан бұл аллеяны Елбасымыздың есiмiмен байланыстыруға да негiз бар» деген тұшымды ойын жеткiздi.

Бүгiнде нысан құрылысының негiзгi бөлiгi аяқталған. Алдағы күндерде аталған орын жергiлiктi тұрғындар үшiн саялы баққа айналмақ.