Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны бір тәуліктің ішінде 9 167 адамға көбейді. Эпидемия басталғалы елде ауруға шалдыққандар саны 4 501 859 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі
Ресейдің жаңа ауруға қарсы күрес жүргізу бойынша жедел штаб мәліметінше, ауруға шалдығу жаңа оқиғаларының өсімі 0,2 пайызды құраған.
Коронавирустан емделіп шыққан адамдардың саны тәулік ішінде 10 880-ге көбейіп, 4 120 161 адамды құрады. Штаб мәліметінше, сауығып шыққандардың үлесі ауру жұқтырғандардың жалпы санының 91,5 пайызы деңгейінде қалған.
Ресейде COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар саны бір тәуліктің ішінде 405 адамға өскен (бір күн бұрын – 393 адам). Инфекциядан барлығы
97 017 пациент қайтыс болды. Штаб мәліметінше, өлім деңгейі 2,16 пайызға дейін өскен.
Қазіргі кезде Ресейде 284 681 адам ем жалғастырып жатыр.