Еуропа одағы грек аралдарындағы мигранттарға арналған бес лагерьді салуға және жөндеуге 276 миллион еуро бөледі. Бұл туралы Ішкі істер жөніндегі еурокомиссар Илва Йоханссон мәлім етті. Ол дүйсенбіде Самос пен Лесбос аралдарына барады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Agence France-Presse-ке сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, ол Түркияны Грекиядан пана таба алмаған мигранттарды шұғыл қабылдауға шақырды.
Дүйсенбі күні Еуропалық кеңес басшысының өкілі Баренд Лейтс Шарль Мишель мен Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен 6 сәуірде Түркияға барып, президент Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер жүргізеді деп мәлімдеді. Келіссөздердің нақты не туралы болатыны әлі хабарланған жоқ.
Грекия үкіметінің мәліметтері бойынша, 2020 жыл ішінде Грекия аралдарындағы көші-қон ағыны 87%-ға, Түркиямен шекаралас Эврос облысында 62%-ға азайды.