19 ақп, 2023 сағат 12:55

Энергетика министрлігі Екібастұздағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Фото: Pavlodarnews.kz

Энергетика министрлігі Екібастұзды жылумен қамту жағдайы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"18 ақпанда сағат 04.37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымдалды. Нәтижесінде салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20.00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Коллекторды толтырғаннан кейін, сағат 23.00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін су жылыту қазандықтарын кезек-кезек іске қосу басталды.

Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы - 70 градус", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖМ, Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеп жатыр.