14 қаз, 2020 сағат 12:20

Енді көлікті тіркеу мен мемлекеттік нөмірді үйге жеткізу қызметін пайдалана аласыз

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында eGov.kz порталында жаңа қызмет жүзеге асырыла бастады. Нақты айтқанда, Қазақстандықтар мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеу туралы куәлікті тікелей үйге жеткізуге тапсырыс бере алады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Егер сіз жаңа көлік сатып алып, мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеуді үй жағдайында алдырғыңыз келсе, бұл үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайын көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Осыдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкері мемлекеттік нөмір мен куәлікті үйге әкеледі.

«Біз үшін ең бастысы азамат үйде отырып автокөлік сатып алуға байланысты қызметтердің барлық пакетін ала алатын кезде көлік құралын ресімдеу процесін толық автоматтандыру болды. Егер бұрын бұл үшін қазақстандықтарға кем дегенде екі рет мамандандырылған ХҚКО-ға бару қажет болса, бүгінгі күнде оны eGov.kz порталында ресімдеп, қайта ресімдеп, нөмірлік белгіні таңдап, автокөлікті есепке қойып, тіпті мемлекеттік нөмір мен куәлікті онлайн жеткізуді ресімдеуге болады», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Сонымен қатар, «Электрондық үкімет» порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінің «Автомобиль көлігі» бөлімшесінде жеткізуді ресімдеу үшін «МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу» қызметін таңдап, авторизациядан өту және оған тапсырыс беру қажет. Сондай-ақ, қызметке ақы төлеу және ЭЦҚ көмегімен не болмаса бір реттік смс-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет.

Естеріңізге сала кетейік, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында eGov.kz порталында жаңа қызмет жүзеге асырыла бастады. Нақты айтқанда, Қазақстандықтар мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеу туралы куәлікті тікелей үйге жеткізуге тапсырыс бере алады. Егер сіз жаңа көлік сатып алып, мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеуді үй жағдайында алдырғыңыз келсе, бұл үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайын көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті.