Төлеген Оспанқұлов 1961 жылы 28 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын, Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын "КИЗ" тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында мал дәрігері, МТФ №1 бригадирі болып бастады.
1988-1994 жылдары 23 Партсъезд атындағы совхоздың бас мал дәрігері, сүт кешенінің бастығы, бригадирі болып жұмыс істеген.
1994-1997 жылдары - "КИЗ" тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында бас мал дәрігері.
1998 жылғы қарашадан бастап 2001 жылғы ақпанға дейін - Алматы қаласы бойынша еңбек инспекциясы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, еңбекті қорғау секторының меңгерушісі, еңбек инспекциясы бөлімінің басшысы.
2001-2008 жылдары - ЕХӘҚМ департамент директорының орынбасары - Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
2009-2014 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
2014-2017 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік еңбек инспекторы.