03 қыр, 2018 сағат 16:33

Елжан Біртанов: Маса шаққаннан кейінгі әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Маса шаққаннан кейін көмекке жүгініп, Астана ауруханасында ажал құшқан әйелге қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайтыс болған кісінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Аталған жағдай бойынша құқық қорғау органдарымен, Денсаулық сақтау министрлігімен тергеу басталды. Мен бұл жағдайды жіті бақылауыма аламын. Өкінішке қарай, анафилактикалық есеңгіреуге ешкім тап болмайды деу қиын. Бірақ, көмек бекітілген стандарттарға сәйкес толық ауқымда көрсетілуі керек. Шынайы тұрғыда мәселені талдап, ақпаратты ұсынатын боламыз», - деді Facebook жазбасының астында пікір қалдырған Елжан Біртанов.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Астанада белгісіз шоктан жүрегі тоқтап қалған әйелдің өліміне қатысты түсінік берген болатын. «Жақында олар қала сыртына сапарлаған көрінеді, сол кезде оны бір жәндік шағып алған. Көзінің маңында ісік пайда болғаннан кейін, ол бірінші қалалық ауруханаға барды. Алгоритмге сәйкес, дәрігер аллергияға қарсы препараттарды берген. Сәйкесінше, осы препараттарды беру кезінде шоктың белгілері байқалған. Осы орайда науқас өкпені жасанды желдету аппаратына ауыстырылды. Бұл жағдай салдарынан жүрек тоқтап, реанимациялы

Естеріңізге сала кетейік, аталған әйелдің ауруханада көз жұмғаны туралы оның құрбысы Фейсбуктегі парақшасында жазған болатын. Оның атап өтуінше, 28 жастағы Мақпал Еспенбетова елордадағы бірінші қалалық аурухананың көмегіне жүгінген.