#
#
Сенбі 16/01/2021

Елорданың қалалық мәслихатына қанша партияның өкілі өткені белгілі болды

  • 12.01.2021
  • 0
  • 180

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлау қорытындылары қаралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісованың айтуынша, елордада мәслихат депутаттарын сайлауға 5 саяси партия қатысты. 

«Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына 31 мандат қамтылды. Қалалық мәслихат депутаттығына партиялық тізімге барлығы 88 кандидат тіркелді. «Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес, сайлау қорытындысы негізінде саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды тиісті деңгейде бөлу белгіленді», - деді Бектемісова. 

Осы орайда: Қазақстан Халық партиясы – 2 мандат, Nur Otan партиясы - 26 мандат, «Ақ жол» партиясы – 3 мандат.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар