11 жел, 2020 сағат 10:22

Елорданы газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта 300 шақырым ішкі газ тарату желілері төселді және техникалық шарттар беру, жеке секторды газға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл экологиямен, адамдардың өмірі және денсаулығымен байланысты мәселе. Сонымен қатар ол сіздермен бірге жұмыс істейтін жүйелі мәселе саналады», - деді деді Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының отырысында. 

Сонымен қатар қала басшысы 2020 жылдың ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысына тоқталып өтті. 

«2020 жыл пандемия, карантиндік шектеулер сынды қиындықтарға толы болғанымен сіздермен жақсы жұмыс істедік. Алдымызға қойылған міндеттерді орындадық», - деді елорда әкімі.

Cондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов елорданың жанындағы Ильинка мен Үркер тұрғын алабына 2023 жылға дейін толық газ тартылатынын айтты.

«Газ мәселесі қазір Ильинка мен Үркер тұрғын алабы тұрғындарын ерекше алаңдатып отыр. Олардың барлығы газдың қашан жеткізілетіндігін сұрайды. Бұл ауданда жиі жұмыс істеп, көптеген проблемаларды шешіп жүргеннен кейін білемін. Қазіргі уақытта Ильинка мен Үркер тұрғын алаптарын газдандыру жоспарға сай толық қосылғандығын айтып сендіре аламын. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. 2021 жылдың 2-тоқсанында дайын жобалық-сметалық құжатын алуымыз керек», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының отырысында. 

Оның атап өтуінше, 2021 жылы аталған тұрғын алаптарға газ тарту жұмысын қолға алу жоспарланған. 

«Екі аудандада газ тарту жұмыстарын 2022-2023 жылдары толығымен аяқтауды көздеп отырмыз», - деді Ермек Қизатов.