16 қар, 2020 сағат 12:12

Елордалық департамент балықшыларды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Есен Байыров балықшыларды сақтық шараларын орындауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мұзды ойып, балық аулау кезінде сіз шектеулі аймақта көптеген ұңғыма жасап, үлкен топтарға жинала алмайсыз. Аяқ астындағы мұз опырылған жағдайда тез әрі батыл әрекет ету керек. Қолды кең жайып, мұз бетінде ұстап, қатты мұздың бетіне шығуға тырысу қажет. Содан кейін арқада немесе кеудеде жатып, келген ізіңе қарай жылжу керек. Бұл әрекеттер кезінде көмекке шақыруды ұмытпаған жөн», - деді Е. Байыров елора әкімдігінің баспасөз орталығында.